Екі ғасырлық зәкір музейге тапсырылды

18 Қыркүйек 2021, 12:18
11497
Бөлісу:
Екі ғасырлық зәкір музейге тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Көне жәдігердің салмағы – 120 келі, ұзындығы кісі бойынан асады. Бұл туралы Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі хабарлады.

Бұған дейін белгілі археолог А.Астафьевтің музей қорына екі ғасырлық желкенді кеменің бекіткіштері мен бұрандаларын, шегелерін табыстағанын жазған едік.

Екі ғасырлық зәкір музейге тапсырылды Енді аталған кеменің зәкірі де музейден орын тапты. Бес тармақты, жоғары жағында арқан байланатын шығыршығы бар металл құрылғының апат салдарынан бір «тырнағы» сынған. Салмағы – 120 келі, ұзындығы кісі бойынан асады.

Екі ғасырлық зәкір музейге тапсырылды

Өзгелердің жаңалығы