Бас жаңалықтар
«Дипломмен ауылға» көшіп барған жастарға берілетін жәрдемақы көбейеді
23 Қаңтар 2019, 14:21 800

«Дипломмен ауылға» көшіп барған жастарға берілетін жәрдемақы көбейеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Жастар жылының ашылуында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен көшіп барған жастарға берілетін жәрдемақы 70 АЕК-дан 100 АЕК-ға дейін көтеру қажет екенін айтты.


«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің әлеуетін күшейте түсуіміз керек. Кезінде «Дипломмен ауылға» деген ұсынысты енгізген болатынмын. Осының тізімін кеңейтуді ұсынамын. Көшіп барғаны үшін жастарға берілетін бір жолғы көтерме жәрдемақы 70 АЕК болатын, соны 100 АЕК дейін жоғарылату керек», - деді ҚР Президенті. 

Айта кетсек, 2019 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері 2525 теңге мөлшерін құрады.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды.

Назерке Абибулла

Сізден жаңалық