Димаш - өз мангасы бар әлемдегі ең алғашқы әнші

24 Мамыр 2020, 16:32
2262
Бөлісу:
Димаш - өз мангасы бар әлемдегі ең алғашқы әнші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Димаш Құдайберген туған күнінде жаңа жобасын таныстырды.

Бұл жоба - Dimash Manga (Manga D’R’S’) деп аталады. Мұны әншінің кәсіби суретшілер мен сценаристер командасы әзірлеген.

Manga D’R’S’ — қызықты сюжеті бар жапон комикстері (манга) жанрындағы шығармалар топтамасы. Манга электронды және баспа форматында 7 тілде ұсынылады. Толық ақпаратты жобаның веб-сайтынан қараңыздар (http://dimashmanga.com),- делінген Dimashnews.com ақпараттық таратқан мәліметте. 

Онда әншінің концерттеріндегі суреттері манга форматында салынған. Осылайша Димаш Құдайберген өз мангасы бар әлемдегі ең алғашқы әнші болып отыр. Manga D’R’S’ шамамен 1 шілдеде сатылымға шыға бастайды.

Өзгелердің жаңалығы