Әділет басқармасына қарасты лауазым иесі 2 млн теңге парамен ұсталды

22 Қараша 2019, 23:19
1709
Бөлісу:
Әділет басқармасына қарасты лауазым иесі 2 млн теңге парамен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы әділет басқармасының Бостандық ауданы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім басшысының міндетін атқарушысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша әшкереледі.
Ол сот актісін орындамау фактісі бойынша мүлікке тыйым салу шарасын қолданбау және ішкі істер органдарына материалдарын жібермеу үшін ЖШС директорынан 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктеліп отыр, - делінген хабарламада.
Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Оның сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылмаған. 

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Өзгелердің жаңалығы