Депутаттар Алматыдағы көпбалалы аналармен кездесті

4 Мамыр 2019, 13:38
1635
Бөлісу:
Депутаттар Алматыдағы көпбалалы аналармен кездесті
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Алматыда көпбалалы аналармен кездесті. 


Жиын барыс ында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исімбаева көпбалалы аналардың өтініш, арыздарын тыңдап, атаулы көмекті алу жағдайын сұрап білді. 

“Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 3 мыңнан аса көп балалы ана бар, солардың 2 мыңдайы осы сәуір айындағы атаулы көмекті алып бастады. Оның көлемі 90 мыңнан 200 мыңға дейінгі аралықты құрап отыр. Осыған орай аналар Елбасыға деген ризашылықтарын білдіріп жатыр”, - дейді депутат. 

Депутаттар Алматыдағы көпбалалы аналармен кездесті

Аналар өз кезегінде ақылы түрде оқитын балаларға жұмсалатын қаражатты кіріс түрінде есептемеу жөнінде өтініштерін білдірді. 

“Мұндай өтініштермен жұмысты біз ары қарай жалғастырамыз. Жалпы аналар мемлекет тарапын жасалып жатқан көмекке көңілдері толады.  Аналар атаулы көмекті баланың оқуына, дамуына жұмсаулары қажет. Біз ендігі кезекте соны аналарға түсіндіруіміз керек”, - дейді депутат Г. Исімбаева.
Өзгелердің жаңалығы