«Демократия институты» жүргізген Exit poll нәтижесі шықты

11 Қаңтар 2021, 00:30
1546
Бөлісу:
«Демократия институты» жүргізген Exit poll нәтижесі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сауалнама жүргізген «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының жобалар бойынша директоры Татьяна Башарина айтты.

Бүгін күні бойы сауалнама алушылар 500 сайлау учаскесінде жұмыс істеді. Оның 263-і қалалық, 237-ауылдық елді мекендер. Жалпы саны 20 мың сайлаушыдан сауалнама алынды, - деді ол.

Exit poll нәтижесі мынандай: 

Nur Otan партиясы –  72,01%

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 %

ADAL саяси партиясы – 3,25%

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,27 %

«Қазақстанның Халық партиясы – 9,54 %

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Қоғамдық пікір" институтының Еxit poll нәтижесі белгілі болған еді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, елорда уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 12 өңірінде, ал сағат 21:00-де 5 өңірде сайлау учаскелері жабылды. Осылайша, кезекті сайлау науқанына орай ашылған 12 өңірдегі 8 141, 5 өңірдегі 1 853 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. 

Сонымен қатар Қазақстанның 53 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылған 66 сайлау учаскесінің 10-ында сайлаушылар дауыстарын беріп болды. Қазір уақыт белдеуіне байланысты қалған елдерде дауыс беру жалғасып жатыр. 11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де Америка Құрама Штаттары мен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайтын болады.

Айта кетейік, бүгін елімізде таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау процесі өтті.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Өзгелердің жаңалығы