Бас жаңалықтар
Тоқаев сайлауда таңдау жасады
10 Қаңтар 2021, 11:28 202

Тоқаев сайлауда таңдау жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мемлекет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алып, таңдау жасады.


Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық және шетелдік БАҚ жиналған брифингте сөз сөйледі. 

Учаскеде санитарлық нормалар барынша сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тексерді. Әлеуметтік қашықтық сақталған.

Аталған учаскеде жұмыс 06:00-де басталып, 07:00-де сайлаушылар дауыс бере бастаған. Тіркелген сайлаушылар саны - 3040.


Айта кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


Фото: Мухтор Холдорбеков

Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//