Бас жаңалықтар
“Ұлы дала - көшпенділер әлемі” халықаралық этнофестивалі өтіп жатыр
PHOTO
07 Маусым 2019, 14:37 565

“Ұлы дала - көшпенділер әлемі” халықаралық этнофестивалі өтіп жатыр

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. 18 мемлекеттің ең мықты этно музыканттарының басын қосқан фестиваль Боралдай сақ қорғанында өтіп жатыр. 

Фестиваль аясында 40 киіз үй, қостар тігіліп, алтыбақандар құрылған. 

Сонмен қатр, этно ауылдан түйе қашаны, бие бауды көріп, қымыз түрлерінен дәм татып, тас диірмен тартып, келі түйіп көруге болады.

Фестивальға Башқұртстан, Украина, Дағыстан, Монғолия, Қырғызстан, Саха, Қалмық Республикасының және тағы басқа елдерден өнерпаздар келген.

Шараға келген жұрт көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату сынды ат ойындарын тамашалады. Сондай-ақ асау үйретушілер аймағында асауға құрық салу, асауды үйретіп міну көрсетілді. 

Алыптар аймағында Қазақстанның 7 дүркін, Әлемнің 2 дүркін чемпионы және 2 дүркін Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың бастауымен бір топ алып, шоу бағдарламалар көрсетіп, көрермен үшін шеберлік сабақтары мен жарыстар өткізеді. 

Фестиваль аясында сонымен бірге қыш құмыраларды жасау,  жүн сабау, зергерлік бұйымдар жасау және қшетен келге қонақта үшін ұлттық тағамдардың қалай әзірленетіні көрсетілді. 

Тазы итін баптаумен айналысатын Ерасыл Жұмағұл бүгінгі шараға сатиттерін арнайы дайындап әкеліпті. 

“Бұл иттер аңға шығуға арналған әрі соған лайықты болу керек. Иттерді бабында ұстау үшін арнайы күтім қажет. Жылына 4-5 рет аңға шығамыз. Тазыларым қоянды қойып қасқырды да ұстады. Қазір оннан аса тазыны күтіп, баптап отырмыз. Тазыларымның қарым-қабілін қазір қойылым барысында көретін боласыздар”, -дейді ол.


Фото: автордан
Загрузка...