Бас жаңалықтар
Дағдарысқа байланысты жүк тасымалын қолға алып жатырмыз - Air Astana
04 Маусым 2020, 23:11 74

Дағдарысқа байланысты жүк тасымалын қолға алып жатырмыз - Air Astana

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жолаушыларға қарағанда жүк тасымалына сұраныс артып отыр. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер "Самұрық-Қазына" кеңесінің отырысында айтты.

Отырыс барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавиурстық пандемияға байланысты әлем бойынша әуе тасымалы дағдарысқа ұшырап жатқанын айта келе, Air Astana басшысынан әуе компаниясы қазіргі күрделі жағдайдан шығу үшін қандай шара қолданып жатқанын сұрады.

Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер қазір жағдай расымен қиын екенін, дегенмен табыстың өзге жолдарын іздеп жатқандарын айтты.
Қазір әуе қатынастары қиын кезеңді бастан өткеруде. Барлығына қиын, дегенмен біздің жолымыз болды. Біз дағдарысқа 14 айлық трендтеуден кейін келіп отырмыз. Күрделі жағдайға қарамастан жаңа табыс көздері де табылды. Қазір жүк тасымалына сұраныс артып отыр. Сондықтан Air Astana соған қарай ыңғайланып отыр, - деді ол.
 Питер Фостердің айтуынша, әуе компания бастапқыда тек жолаушы тасымалдап келсе, қазір жүк тасымалы мәселесін егжейлі зерттеп жатыр екен. 
Қазіргі таңда бізде Қытай мен Еуропа елдеріне шығатын 32 чартерлік рейс бар. Кейбір Боинг-767 ұшақтарымызды жүк тасымалына ыңғайлап жатырмыз. Қосымша дивизиондар орнатылуда. Жақын арада екі Боинг ұшағы жүк тасымалы үшін жабдықталып болады. Бұл әлемдегі дағдарысқа икемделуді білдіреді, - дейді Питер Фостер.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...