Дүйсенбі, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

21 Қыркүйек 2020, 08:50
1799
Бөлісу:
Дүйсенбі, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекте күні республиканың басым бөлігінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Ал елдің шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың кей жерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік те шаңды дауылмен, орталық бөлігінде дауыл, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Ақмола облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20, Павлодар облысында екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерінде шаңды дауылмен.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, күндіз найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады. төтенше өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы