Қызылордада індет жұқтырған келіншек аман-есен босанды

10 Сәуір 2020, 00:08
1549
Бөлісу:
Қызылордада індет жұқтырған келіншек аман-есен босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індет жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады.

8 сәуірде ай-күні толық жеткен жүкті А. есімді азамат уақытша перзентханада (оқшауланған ғимарат) аман-есен босанды. Босану кезінде дене қызуы көтерілген. Себебі жүкті келіншек тұмаумен ауырған. Коронавирус сынамасы жасалған соң ай-күні жеткен ананың вирус жұқтырғаны анықталған. Алайда дәрігерлердің көмегімен босану асқынусыз өтті. Жаңа туған нәресте кювезге жатқызылды. Салмағы  2,970 грамм, бойы 51 см. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ал босанғаннан кейін әйелді жұқпалы ауруханалар ауруханасына ауыстырды, – деп жазды вице-министр. 
Вице-министр Ләззат Ақтаева өз кезегінде жаңа туған нәресте мен оның анасына үлкен көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын жеткізген. Сонымен қатар медициналық көмек берген кезекші бригаданың да бірден екі апталық үй карантиніне жіберілгенін атап өткен. Күн сайынғы қызметінде ерлік жасап жүрген заманымыздың қаһармандары деп дәрігерлердің еңбегін ерекше бағалайды.
Қызылорда облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері - гинеколог Қоңқабаева Ақбота, акушер Еңсепбаева Әйгерім, неонотолог Аққайырова Меруерт, балалар мейірбикесі Тұрғанбаева Айгүл, - деді Ләззат Ақтаева.

Өзгелердің жаңалығы