16 жылға сотталған фельдшер дәрігерлерге қолдау білдірді

9 Сәуір 2020, 23:59
2506
Бөлісу:
16 жылға сотталған фельдшер дәрігерлерге қолдау білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының медициналық колледжін фельдшер мамандығы бойынша бітірген Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тумасы МАКСИМ дәрігерлерге қолдау білдірді.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше ол бүгінгі күні ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланып, бүкіл ел болып індеттің таралуының алдын алу барысында жанталасып жатқан ақ халатты жандарға өз атымнан, ата-анамның атынан, жарым мен баламның атынан үлкен рахмет айтып, басымды иемін. Тағдырдың салуымен, өзімнің өмірлік қателігімнен жанұямның жанында осындай халық басына түскен қиын заманда бола алмай, оларға кішкене болсын көмегімді бере алмайтыныма жаным күйінеді - дейді фельдшер.

Ол мекеменің медицина бөлімінде санитар болып жұмыс істейді. Сотталғандардың денсаулығына қарайтын маман-дәрігерлер: фтизиатр, стомотолог, ренгенолог, психиатр, терапевт, хирург дәрігерлердің және медбикелердің жұмысы қазір COVID-19 жұқпасының алдын алу мақсатында күшейтілген түрге ауыстырылған. Бұнда ұсталатын сотталғандар теледидар және радио желілері бойынша әлем жаңалықтарын тыңдап, індетке қарсы қойылған талаптарды бір адамдай сақтауда.

Бүкіл халық болып жанталасқан індетке қарсы күреске мен де өз үлесімді қосқым келеді. Медицина бөлімі барлығы екі қабатты 26 бөлмеден тұрады. Қазіргі уақытта гипохлорид кальциямен судың қоспасымен тәулігіне екі реттен жинау жұмысы және кварцілеу жұмыстарын жүргіземін. Қазіргі күнделікті жұмысымды атқаруға өз мамандығымның көмегі тимейді десем өтірік болар еді. Еліміз бойынша медицина қызметкерлерінің ауруларға араша боламыз деп өздері індетке шалдыққандықтарын естіп, абай болуларын және осы еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді – дейді Максим.
Өзгелердің жаңалығы