COVID-19: Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді - Цой

18 Мамыр 2021, 09:16
3040
Бөлісу:
COVID-19: Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

COVID-19 инфекциясын жұқтыру және одан қайтыс болу жағдайы әлемде әлі де тұрақсыз. Бүгінгі күні әлем бойынша 106 млн-нан аса КВИ жағдайы тіркелді. Тәулік ішінде 500 мыңнан аса жағдай тіркеліп жатыр. КВИ-ден 3,3 млн-нан аса адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,1 %-ды құрады, - деді ол.

Министрдің сөзінше, 221 елдің ішінде Қазақстан вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша 105-орында тұр. Сондай-ақ өлім көрсеткіші бойынша 106-орында.

Қазақстанда 18 мамырдағы жағдай бойынша 362 030 ПТР-тесті оң нәтижесі бар науқас тіркелді, сонымен қатар 54 153 ПТР-тесті теріс нәтижесі бар жағдай тіркелді. Қазақстан Республикасы «сары» аймақта орналасқан. «Қызыл» аймақта республиканың 6 өңірі тұр. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары, - деп министр түсіндірді.

Цой баяндағандай, «Сары» аймақта 5 өңір тұр. Олар – Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. Қалған 6 өңір «жасыл» аймақта тұр.

Бүгінгі күні вирус жұқтырудың төмендеуі және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуының оң динамикасы байқалады. Соңғы екі аптада өткен екі аптамен салыстырғанда ауру 20%-ға төмендеді, - деп Денсаулық сақтау министрі айтты.
Өзгелердің жаңалығы