COVID-19. Әлемде жалған вакцинация құжатының саудасы артып барады

22 Қыркүйек 2021, 16:03
11326
Бөлісу:
COVID-19. Әлемде жалған вакцинация құжатының саудасы артып барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде жалған вакциналау сертификатының саудасы қызып тұр. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. 

Check Point Research IT компаниясының мәліметінше, әлемнің  29 мемлекетінде вакциналаудың жалған құжаты саудаланады. 9 мемлекет бұл тізімге таяуда қосылған. Мұндай көз бояушылыққа Италия, Франция, Испания, Португалия, Германия сынды кәрі құрлық елдері және Индонезия, Үндістан, Сингапур мен Таиланд тұрғындары жиі барады. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асқанын және COVID-19 құрбандарының саны үш соғыстағы шығындардан асып түскенін мәлім еткен. Осыған байланысты ақпанның аяғында Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялаған еді.

Өзгелердің жаңалығы