Бюджетке зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды

29 Қыркүйек 2020, 09:42
3171
Бөлісу:
Бюджетке зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бюджетке 776 млн теңге көлемінде залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «СТОП ОБНАЛ» жедел-іздестіру шаралары аясында ұзақ уақыт бойы іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - делінген комитет хабарламасында.

Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал көлемі 776 млн теңге.

Қызылорда облысы бойынша ЭТД ҚР ҚК 262 бабы 1,2-бөлімі бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) қылмыстық топтың басшысы және оның қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзгелердің жаңалығы