Бүгін Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
8 Қаңтар, 13:03 287

Бүгін Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Ол  құқықтық тәртіп пен халықты қорғауды қамтамасыз ету барысында қаза тапқан қатардағы жауынгерлерге көңіл айтты.

Мадияр Қайсаров пен ұлттық ұланның сарбазы Айбат Амановтың  отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Екі сарбаз тәртіпсіздікке қатысушылар тарапынан туындаған қауіптен сескенбей, бейбіт тұрғындарды қорғау және тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Олар біздің батырларымыз. Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қажетті материалдық қолдау көрсетілетін болады, -деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, Қасымбектің айтуынша, өңірде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Облыстағы жағдай тұрақты және бақылауда. Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық объектілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар, сауда және кәсіпкерлік қызмет объектілері, қоғамдық көлік қалыпты тәртіпте жұмыс істеуде.

Облыс тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтағандары үшін рақмет. Бүкіл ел үшін осынау қиын кезеңде біздің азаматтарымыздың парасаттылық, ынтымақтастық танытып, теріс күштердің арандатуына бой алдырмағандары үшін рақмет айтамыз. Құқыққорғау органдарына біздің тұрғындардың қауіпсіздігін сақтаудағы бірлескен жұмысы, заңға және халыққа адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз. Президенттің қоғамдық тәртіп пен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі барлық тапсырмалары орындалатын болады, - деді Қарағанды облысының әкімі Қасымбек.


Фото: дереккөз
Загрузка...