Браконьерлер ұсталды

25 Қараша 2019, 17:34
4008
Бөлісу:
Браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар тағы да браконьерлерді ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше Шонжы шекара жасағы А.Онопко атындағы шекара заставасының учаскесінде заңсыз аң аулап жүрген 1969 жылғы туған және 1971 жылғы туған еліміздің екі азаматы ұсталды. Аң аулауға рұқсат беретін құжаттары болған жоқ. Олардан 12 калибрлі Ремингтон 870 Eхpress Magnum маркалы екі қару-жарақ және оның оқ-дәрілері тәркіленді, - делінген хабарламада.
Ұсталғандар қару-жарақпен бірге Ұйғыр аудандық ПБ-ға тапсырылды.


Өзгелердің жаңалығы