Болашақ заңгерлер Елбасы үндеуін қолдайды

8 Сәуір 2020, 18:07
1304
Бөлісу:
Болашақ заңгерлер Елбасы үндеуін қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы үндеуіне Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы Жамалден Ибрагимов қодайтындығын жеткізді. 

Елбасымыздың сындарлы саятының арқасында бейбіт өмір де сүріп жатырмыз. Қазіргі елде болып жатқан індетке байланысты жасаған Елбасының үндеуі халыққа ерекше күш беретіні рас. 
Саралы, сарабдал саясаттың жалғасы. Елбасы бүгінгі таңдағы әлем халқының басына түскен дүрбелең туралы терең ой қозғады. Мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан бері дамуына талдау жасап, қазіргі мемлекет саясатымен терең сабақтастық бар екендігін айтып өтті, - дейді заң ғылымдарының докторы. 

Сонымен қатар бұл қиыншылықты жеңуде елдің, азаматтардың бірлігі керектігіне баса назар аударды. 
Біз Елбасының жастарды білімге, еңбекке тәрбиелеуге қатысты ойларын жүзеге асырып жатырмыз. Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті қашықтықтан оқытудың ең жетік әдіс-тәсілдерін пайдаланып, әділ де, адал заңгер мамандарды дайындау арқылы Елбасы үндеуіне үлес қосады, - деді профессор.  

Жастардың болашақта білімге, өз мамандығына деген қызығушылығы ең бірінші оқыған білім ордасына байланысты. Сондықтан біз болашақ заңгерлерді дайындауда барынша өз үлесімізді қосыпжатырмыз деді Жамалден Ибрагимов.
Өзгелердің жаңалығы