Блогосферадағы алыпқашпа әңгімелерге қатысты Берік Уәли мәлімдеме жасады
9 Қаңтар, 12:53 10682

Блогосферадағы алыпқашпа әңгімелерге қатысты Берік Уәли мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы алыпқашпа әңгімелерге қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі BAQ.KZ тілшісіне телефон арқылы хабарлады.

Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау қажет деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды, – делінген Берік Уәлидің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының барлық үндеуді өзі жазатынын атап өтті.

Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды, – деді Берік Уәли.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...