БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

29 Қазан 2020, 12:44
2219
Бөлісу:
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала ақпарат бойынша пара сомасы шамамен 7 млн теңгені құрайды, деп хабарлады mgorod.kz.

Бүгін, 29 қазанда БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қайыповтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша пара сомасы шамамен 7 млн теңгені құрайды. Облыстың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, Қайыповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет бұрыннан бері айтылып келеді. Алайда қыркүйектің басында басқарманың баспасөз қызметі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты ешқандай сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан жоғын айтқан болатын.

Басқармада КВИ-мен күрес жөніндегі шараларға бағытталған қаражатты бөлуге қатысты қадағалау органдарының жоспарлы тексеруі жүргізіліп жатыр. Болатбек Қайыповқа қатысты еш күдік жоқ, - делінген хабарламада.

Басқарманың баспасөз қызметі басшыларына қатысты ешқандай ақпарат бермеді, алайда Болатбек Қайыпов орнында болмай шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері БҚО бойынша ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, бірақ кез келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы