Бас жаңалықтар
БҚО-да вакцина жеткілікті
10 Қыркүйек 2021, 17:54 120

БҚО-да вакцина жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова ӨКҚ-де өткен брифингте айтты.

Облыс бойынша медицина ұйымдарына коронавирус инфекциясына қарсы 5 вакцина тең бөлінді. Олар: Спутник V, QazVac, Hayat - Vax, Corona-Vac, Vero Cell, - деді ол.

Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, бүгінде қала және аудан емханаларында Спутник V, QazVac, Vero Cell вакциналары жеткілікті көлемде бар.

10 қыркүйектегі жағдай бойынша вакцинаның І компонентімен 209 523 адам егілген. Вакцинаның ІІ компонентін 176 686 адам алған.
Барлық емханада демалыс күндерін қосқанда аптаның барлық күні таңғы 8 бен кешкі 20.00-ге дейін егу пункттері жұмыс істейді. Сондай-ақ «City center» сауда-ойын-сауық орталығы жанында вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық кешен де жұмыс істеп тұр, - деді басқармасы басшысының орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...