Биыл Павлодарда жаңа аурухана салынады

20 Ақпан 2021, 02:33
1363
Бөлісу:
Биыл Павлодарда жаңа аурухана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа көпсалалы аурухана облыс орталығының «Достық» мөлтек ауданында салына бастайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы жаңалықты облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен есептік кездесуде жария етті.

Жаңа аурухана 500 орын науқасты қабылдайтындай етіліп салынады. Мұндай ірі медициналық мекемелер облыста кеңестік кезеңнен бері бой көтермеген.

Сондай-ақ басқа да медицина орталықтарын дамыту жалғасын таппақ. Мәселен, 1-қалалық аурухана әрі қарай жетілдірілмек. Мұнда гибридтік ота жасау бөлмелері секілді заманауи жабдықтар орнатылмақ. Екібастұзда қалалық аурухананың инфекциялық бөлімін дамыту көзделуде. Қолға алынатын іс-шаралар онымен шектелмейді.
Кардиологиялық орталықты толыққанды кардиохирургиялық орталық деңгейіне жеткізбекпіз. Жерлестеріміз айлап кезек күтіп отырмаулары тиіс. Біздің міндет – кезек күтудің уақытын барынша қысқартып, барлық көмекті бір жерден көрсетуге қол жеткізу, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Өзгелердің жаңалығы