Жамбылда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

20 Ақпан 2021, 01:25
1143
Бөлісу:
Жамбылда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында және Жамбыл облысы аумағында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған апталық Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің бастамасымен жүзеге асуда.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында  Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеруде.

Айта кетейік, аталған шара өткізу барысында бірқатар жаза өтеу тәртібін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, 8 сотталғанның тұрғылықты жерінде болмағандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, Тараз қалалық №2 сотына 3 азаматқа қатысты жаза түрін ауыстыру жөнінде тиісті құжаттар жолданды. 

Өзгелердің жаңалығы