Амнистияға кімдер ілігеді?

9 Қараша 2021, 10:16
2707
Бөлісу:
Амнистияға кімдер ілігеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. Оның айтуынша, амнистия бойынша заң жобасы дайын.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінде де талқыға салынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аталған құжатты дайындадық. Амнистияға онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтар ғана іліге алады. Оған қоса, кәмелеттік жасқа толмағандар, егде жастағылар мен І және ІІ топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге рақымшылық жасалады, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кететін жайт, мыңдаған адам жазасын өтеуден босатылады.

Пробациялық бақылауға 3818 адам алынған. Амнистияның екінші тармағы бойынша жазасын өтеу мерзімін қысқарту қарастырылған. Оған жазасын өтеп жатқан 1300 адам және пробациялық бақылаудағы 7 мың адам ілігеді. Үшінші тармақ – өндірістегі қылмыстар. Қазіргі уақытта 5 мыңдай қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол бойынша 316 адам қамауда, соларға қатысты шешім шығарылады. Егер олар кінәсін мойындаса, рақымшылық жасалады. Кінәсізбіз десе, тергеу әрі қарай жалғасады, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр пандемия кезінде қандай қылмыс түрі көбейгені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы