Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

4 Қараша 2019, 20:54
1510
Бөлісу:
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 5 қараша күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескеру жариялады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 18 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 0-5 градусқа дейін суытады.

5-7 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. 5 қараша күні түнде кей жерлерде көктайғақ болып, түнде және таңертең солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Көкшетау қаласында және Ақмола облысының кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақболып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүсік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
Өзгелердің жаңалығы