Іле Алатауында із-түзсіз жоғалып кеткен бір топ альпинист іздестіріліп жатыр

19 Тамыз 2019, 11:28
3243
Бөлісу:
 Іле Алатауында із-түзсіз жоғалып кеткен бір топ альпинист іздестіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш альпинистен құралған топ (Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және өкпе ісінуінен қайтыс болған Александр Чечулин) ешкіммен байланыса алмайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хантәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Альпинистердің бірі Мұрат Өтепбаевтың Айгүл есімді жақын туысы да Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, желідегі достарынан көмек сұрады.

"Үш альпинистен құралған топ (Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және өкпе ісінуінен қайтыс болған Александр Чечулин) Жеңіс шыңында шамамен 6600 метр биіктікте қалып қойды, сол жерден не төмен түсе алмай, не сонда қала алмайды. Табиғи жағдайлар мен жабдықтардың жетіспеуі топтың базалық лагерьге уақытында түсуіне мүмкіндік бермеді. Аман қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев ешкіммен байланыса алмайды", - деп бөлісті ол.

Өзгелердің жаңалығы