Бас жаңалықтар
БҒМ «Ұстазыңды құттықта!» акциясын бастайды
27 Қыркүйек 2021, 19:17 1087

БҒМ «Ұстазыңды құттықта!» акциясын бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастайды.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Челленджге қатысу үшін Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегтерін пайдалана отырып, жазбаша немесе фото-видео құттықтауды жариялау қажет. 

Акцияның мақсаты – мұғалімдерге қызығы мен қиындығы қатар жүретін әрі маңызды және адал еңбегі үшін Алғыс айту. 

Акцияға білім алып жүрген оқушылармен қатар мектеп түлектерінің де қатысуға мүмкіндігі бар. Ең креативті құттықтау авторлары ҚР Білім және ғылым министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

Аталған іс-шара 3 қазанға дейін жалғасады. Акция 4 қазанда қорытындыланады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...