Тоқаевтың Омбы қаласына жасаған жұмыс сапарына бейнешолу

8 Қараша 2019, 09:48
2365
Бөлісу:
Тоқаевтың Омбы қаласына жасаған жұмыс сапарына бейнешолу
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барған болатын. 

Омбыда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары мен өңірлік деңгейдегі ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Президенттерге дайын инвестициялық жобалардың пулы ұсынылды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласында жасаған жұмыс сапары бойынша бейнешолуды назарларыңызға ұсынамыз, - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы