Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды

20 Тамыз 2019, 10:44
3131
Бөлісу:
Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаевты ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен кетті.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - деп хабарлады Ақордада.

Бұған дейін Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болатынын хабарлағанбыз.


Өзгелердің жаңалығы