Байқаушылар заң талаптарына бағынуы керек

10 Қаңтар 2021, 09:49
1806
Бөлісу:
Байқаушылар заң талаптарына бағынуы керек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Азаматтық альянсының Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, сайлау барысын бақылайтын байқаушылар алдымен заң талаптарын орындап, өзгелерге үлгі болу керек.

Бүгін қаладағы бірнеше учаскеде ПТР тесттен өтпеген байқаушылардың сайлауда бақылауға жіберілмегені анықталды. Бұл жерде алдымен байқаушылар көрсетілген нормаларға, талаптарға бағыну керек. Бұған дейін байқаушылар ПТР тесттен өтуі керектігі айтылған, сондықтан оны орындау керек. Жалпы қазір дауыс беру тыныш өтуде, ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, - дейді Братенков. 

Алматы қаласы Азаматтық альянсының сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталықтың басшысы Әділ Жүнісов Алматыдағы сайлау учаскелерінің барлығында Азаматтық альянстың байқаушылары отырғанын айтты.

Біз байқаушыларды дайындауға бір айдан аса уақыт кетті. Оған қоса байқаушыларға арналған нұсқаулық шығардық. ПТР-тестен өтті, бір сөзбен айтқанда байқаушыларды дайындауда үлкен жұмыс атқарылды. Сондықтан біздің байқаушылардың жақсы жұмыс істейтініне сенімдіміз, - дейді ол. 

Ал азаматтық альянсының сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық орталығының мүшесі Сәуле Алпысова бүгін өтіп жатқан сайлау барысын әлеуметтік желіде ашық жариялауға дайын екендіктерін жеткізді. 

Таңертеңнен бері өзіміздің ресми парақшаларымызда ақпарат таратып жатырмыз. Онда әрбір учаскедегі бақылаушының мониторингті қалай жүргізіп жатқаны ашық жариялануда. Оның үстіне халықтан келіп жатқан сұрақтарға жауап беруге дайынбыз, - дейді Алпысова.
Өзгелердің жаңалығы