Бас жаңалықтар
Баталов Талдықорған тұрғындарына пәтер кілтін табыстады
PHOTO
22 Қыркүйек 2021, 12:45 252

Баталов Талдықорған тұрғындарына пәтер кілтін табыстады

Талдықорған, BAQ.KZ тілшісі. Қала күніне орай үй кезегінде тұрған Талдықорған тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. 

Бүгін Талдықорғанның облыс мәртебесіне  20 жыл толуына орай  «Болашақ» шағын ауданында 55 пәтерлі көпқабатты үй пайдалануға берілді.


Облыс әкімі Амандық Баталов жаңа қоныс иелеріне қуаныш сыйлап, жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады. 

Осыдан 20 жыл бұрын Елбасының шешімімен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болған еді. Ол кезде қаланың жағдайы өте қиын болатын. Көшеде жарық жоқ, ыстық су болмады. Көп адам көшіп кеткен. Ол кезде қалада 98 мың адам болды, қазір 200 мыңдай халық бар. Қалада жаңа жолдар түсіп, жаңа үйлер бой көтеріп жатыр,-деді облыс әкімі. 


Баспаналы болған тұрғынның бірі Нұргүл Баймұқанова. Ол үй кезегінде 2014 жылдан бері тұрғанын айтады. 


Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасымен үш бөлмелі пәтерге ие болып жатырмыз. Күйеуім әскери қызметте, төрт баламыз бар. Бұл жерде балабақша, мектеп, емхана бәрі жақын орналасқан, өте ыңғайлы,-дейді қала тұрғыны.



Фото: автордан
Загрузка...