Бас жаңалықтар
Банктер алаяқтықтың жаңа түрі туралы халықты ескертті
16 Ақпан 2019, 12:28 1221

Банктер алаяқтықтың жаңа түрі туралы халықты ескертті

Астана, BAQ.KZ. Сбербанк жарты жылдың ішінде қаскөйлер банктегі алаяқтықтың жаңа түрін қолдана бастайды деп болжайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Сочиде өтіп жатқан Ресей инвестициялық форумында банктің басқарма басшысының орынбасары Станислав Кузнецов  кез келген дауысты айнытпай салатын робот құрбан болуы мүмкін адамдарға хабарласады. 

Кузнецов жаңа алаяқтық технологиясын мысал ретінде залда диалогтың аудиожазбасын қосты. Онда актер Иннокентий Смоктуновский секілді сөйлейтін робот екінші адамнан сол аймақта көпір салуға 5 мың рубль сұраған.

«Дауыс белгілі, телефон қоңырауы осы губернатор нөмірі арқылы жасалып отыр және оның дауысында транзакция жасау туралы келісім жүргізіп отыр. Бұл әртіс емес, бұл – робот.  «Иннокентий Смоктуновскийдің» айтқанының барлығын компьютер жасады», - деді Кузнецов. 

Басқарма басшысының орынбасары банктің осындай қылмысқа қарсы шаралар қабылданып жатқанын, бірақ мұндай жүйе барлық банкте болуы қажет екенін айтты.

Сізден жаңалық