Балаларға қатысты қылмыс жасағандар қатаң жауапкершілікке тартылуы керек – Аружан Саин

24 Шілде 2020, 13:24
2270
Бөлісу:
Балаларға қатысты қылмыс жасағандар қатаң жауапкершілікке тартылуы керек – Аружан Саин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мен қазір Сәтбаев қаласындағы бала ұрлығына қатысты баланың анасымен телефон арқылы байланысып отырмын. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жүргізілді. Біз бұдан кейінгі құқықтық, психологиялық көмек ұйымдастыруда жолындағы іс-әрекетімізді талқыладық. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде мен бұл жағдайды осы бағыттар бойынша бастан-аяқ қадағалайтын боламын, - деп жазды ол.
Аружан Саин осы жағдай бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаевпен де байланыста екенін жеткізді. 
Тергеу жұмыстары министрдің тікелей бақылауында. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпен де байланысып отырмын. Мен бұл отбасыға мүмкіндігінше тезірек осы істі алып жүретін ювеналдық адвокаттың хабарласуын өтіндім. Сондай-ақ, балаларға қатысты қылмыстар бойынша тергеу жұмыстарында психологтың қатысуы міндетті болғандықтан, жақсы психолог-маман белгіленуін сұрадым. Бірнеше жылдан бері бізге балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жөніндегі істермен үнемі айналысып келеміз. Әрбір осындай қылмыс туралы тіпті естудің өзі қиын, ал оның балалар мен олардың ата-аналарына қалай қиын екенін елестету мүмкін емес. Балаларға қарсы осындай қылмыс жасаған әрбір адамның барынша қатаң жауапкершілікке тартылуына қол жеткізуге тырысатын боламыз, - деді ол.
Бұған дейін Сәтбаев қаласында бала ұрлығына қатысты күдікті ұсталып, оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің барғанын хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы