Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде екі кішкентай бүлдіршінді ұрып жатқан тәрбиешінің видеосы көпшіліктің наразылығын туындатты. Бұл қылмысқа қатысты Алматы қаласының полицейлері түсініктеме берді. Соққыға жығылған баланың анасы өткен түні полицияға арыз жазды, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бейнеролик тарап кетті. Онда балабақша тәрбиешісі төсекте жатқан баланы жұлқып тартып алып, басқа бөлмеге апарады. Ізінше екінші бүлдіршінді де дәл сол бөлмеге алып кетеді. Кейіннен балалардың жылағанына қарамастан, тәрбиеші оларға бірнеше рет аяусыз соққы жасаған.