Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға 7,2 млрд теңге бөлінеді

16 Қаңтар 2019, 17:48
3238
Бөлісу:
Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға 7,2 млрд теңге бөлінеді

Астана, Baq.kz. 2019 жылы Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға 7,2 млрд теңге бөледі. Бұл жөнінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде хабарлады. 

Өткен жылы бұл мақсатқа 11,7 млрд теңге жұмсалған болатын. Осылайша, аталған сектордағы қысқару 38,4% құрады. 
Ведомствода нақтылағандай, апат пен төтенше жағдай кезінде шұғыл шақырудың ақпараттық жүйесін пайдалануға 2019 жылы – 216 млн теңге, ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге – 356 млн теңге, «KazSat» топтамасындағы ғарыш жерсеріктері және Жерді қашықтықтан зондтпен тексеру құрылғыларын сақтандыруға – 1,9 млрд теңге, Байқоңыр кешенінің зымыран-ғарыштық қызмет әсерінде болған Қазақстан аумағына экологиялық мониторинг жүргізуге – 34 млн теңге жұмсалады. 
Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алатын бөлігіне кірмейтін нысандарын утилизациялау мен жөндеуге – 186 млн теңге, мемлекеттік нысандар мен ұйымдарға ғарыш суреттерін ұсыну бойынша қызметтерге – 3,1 млрд теңге, «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит-М» кешенінің жердегі ғарыш инфрақұрылымын күту және пайдалануға – 1,1 млрд теңге қарастырылған. 
ҚАӨМ хабарлағандай, 2019 жылы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру бойынша жобаалды жұмыстар жүргізілетін болады.
Өзгелердің жаңалығы