Бас жаңалықтар
Қазақстандықтар салық төлемдері туралы SMS хабарлама алады
23 Қыркүйек 2019, 21:46 261

Қазақстандықтар салық төлемдері туралы SMS хабарлама алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS - хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жіберілген SMS-хабарламада көрсетілген мүлік салығы мен жер салығының сомасы, 2018 жылға есептелген салықтары, 2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қосылған», - делінген хабарламада. 

SMS – хабарламалар тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылды.

Бұл «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасының аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген «Интегралды деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «Жергілікті салықтар» ішкі жүйесінің арқасында мүмкін болды.

«Интегралды деректер базасы» АЖ маңызды құрамдас бөліктерінің бірі салық төлеушілерге салық органдары есептейтін жергілікті салықтардың сомалары туралы хабарлама жіберу қызметі болып табылады.

Таяу уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары ұялы құрылғыларда (смартфондар, батырмалық телефондар) төлеуге тиісті салық сомасы туралы SMS-хабарламалар алады.

SMS-хабарламаның сөзсіз артықшылығы - жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламалардың жедел жеткізілуіне жүз пайызға жуық кепілдік. SMS-хабарламалардың тағы бір артықшылығы - барлық ұялы телефондарды пайдаланушыларды, оның ішінде, кнопкалы ұялы телефондардың иелерін қосатын үлкен аудитория.

Сондай-ақ, жеке тұлғаларға осындай хабарламалар Қазақстан Республикасының ең ірі банктерінің бірі - «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі.

Сонымен бірге, салық органдары 2018 жылға есептеген және 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге жататын салықтар сомасы (мүлік салығы және жер салығы) туралы хабарламалар Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы да жіберілді. Сонымен қатар, хабарламалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.

Жеке тұлғалар кез-келген ыңғайлы жолмен салық төлей алады: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталарды қолдана отырып www.kgd.gov.kz сайтындағы электронды қызметтерді пайдалана отырып.

Анықтама үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының ақысыз нөміріне - 1414 жүгіне алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық