Италиялықтар автотұрақтағы орынды дұға оқып алатын болды

23 Қыркүйек 2019, 21:32
2609
Бөлісу:
Италиялықтар автотұрақтағы орынды дұға оқып алатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Авецанно қаласының тұрғындары автотұрақтағы орынды дұға оқу арқылы ала алатын болды.

The Times басылымының мәліметінше, жергілікті дін қызметшісі осылайша өзінің шіркеуіне келетін адамдардың қатарын көбейтпек.

65 жастағы Винченцо Де Марио көлік иелерінің тұраққа қатысты проблемасын біліп, шіркеудің жанына тақтайша іліп қойған. Дін қызметшісі ол жерге тұрақтағы бір орынның құнын да жазып қойған.

Прейскурантқа сәйкес, тұраққа көлікті бір сағат қою үшін «Аве, Мария» дұғасын 10 рет оқу керек. Ал тұраққа 5 сағатқа қою үшін көлік иесі Қасиетті Розарийдің дұғасын оқып шығуы керек.

Шіркеудің жанына 15 минутқа машинаны тастап кету үшін көлік иесі «Аве, Мария», «Отче наш» және «Краткое славословие» дұғаларын мүдірмей оқып беру керек.

Винченцо Де Марионың айтуынша, бұл акция талаптарының орындалуын Құдайдан басқа ешкім қадағаламайды. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы