Бас жаңалықтар
Қазақстандық OQUDA жобасы 1 млн доллар инвестиция тартты
02 Қыркүйек 2020, 18:40 1171

Қазақстандық OQUDA жобасы 1 млн доллар инвестиция тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық OQUDA жобасы 1 млн доллар бағалау бойынша періштелік инвестицияларды тартты. Жобаны инвестор Марат Толибаев қолдады.

Жоба командасы 12 адамнан тұрады, Бейімбет Бабиев – стартаптың СЕО-сы. OQUDA негізін қалаушының айтуынша, ол білім саласында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Беймбет Бабиев Чехиядағы оқумен қатар, студенттерді шетелге жіберетін агенттік құрды. 2018 жылы Astana Hub акселерация бағдарламасы туралы естіп, стартап мүшелері қатысуға шешім қабылдады. 

Astana Hub инвестор мектебінің қатысушысы Марат Толибаевтың айтуынша, OQUDA жобасы оны халықаралық өсу перспективасымен назарын аударды.
OQUDA тек қазақстандықтар үшін ғана емес, басқа елдер үшін де қызмет атқарады. Бұл тақырып дамушы және дамыған елдер арасында жоғары оқу орындары деңгейінде айырмашылық болғанға дейін көптеген жылдар бойы өзекті болады. OQUDA жобасының нақты даму жоспары бар. Біз екі айға жуық келіссөз жүргізіп, келісімге қол қойдық. Мен жобамен екі жыл бұрын Astana Hub-тың Invest Day шарасында таныстым. Сонда жоба маған әлі толық дамымаған болып көрінді. Осыған қарамастан, жоба мүшелері екі жыл бойы стартапты дамытты. Жақында біз OQUDA командасымен "Annual Investment Meeting" дайындығына орай кездестік, онда мен Дубай үкіметінің серіктесімін. Осы форумға қатысу үшін қазақстандық стартаптарды іріктеуді ұйымдастырамын. OQUDA іріктеуге қатысып, жеңімпаз атанды. Енді осы жылдың 20-22 қазанында өтетін жыл сайынғы форумда Қазақстанның атынан қатысады. Форумға дайындық аясындағы кездесу маған жобамен жақын танысып, OQUDA осы жылдың үздік жобасы екеніне көз жеткізуге мүмкіндік берді, - деп түйіндеді Марат Толибаев.

Бейімбет Бабиев тартылған қаржы қайда жұмсалатынын айтты.
Біз тартылған қаржыны платформаны жетілдіруге және Үндістан нарығына шығуға жұмсамақпыз, өйткені жоғары сынып оқушыларының көпшілігі шетелдік жоғары оқу орындарына түсу агенттіктерінің қызметтерін пайдаланады, - дейді OQUDA негізін қалаушы Бейімбет Бабиев.
Айта кету керек, Марат Толибаев Invest Day Astana Hub-қа инвестор ретінде қатысып, OQUDA инвесторлар алдында өзінің бизнес-жобаларын таныстырған 10 үздік стартапшының қатарына енді. Invest Day Astana Hub - бұл қазақстандық жобаларға қаражат салуға дайын инвестициялық тартымды стартаптар мен венчурлық инвесторларды біріктіретін іскерлік алаң. Келесі Invest Day осы жылдың қазан айында өтеді. 

OQUDA - студенттердің шетел университеттеріне рекрутинг индустриясындағы алғашқы Market Network платформасы. Платформа шетел білімді бір сатып алушыға қол жетімді ету үшін бүкіл әлем бойынша мамандардың жұмысын ұйымдастырады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...