Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында алты алтын жеңіп алды

18 Қараша 2019, 08:26
2598
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында алты алтын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандықтар құрлық додасында алты алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді, деп хабарлады Olympic.kz.

49 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы финалда үндістандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 56 келідегі Жексен Бейбарыс пен 64 келідегі Дархан Дүйсебай ақтық сында өзбекстандық боксшылардан басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

52 келідегі Сабырхан Махмұд тайландтық спортшыны жеңсе, 91 келідегі Тоғамбай Сағындық өзбекстандық қарсыласын ұтты. Аса ауыр салмақтағы Сабырғали Аманат Оңтүстік Корея боксшысынан мықтылығын дәлелдеді.

 75 келідегі Азамат Бектас күміс жүлдеге ие болды. Жалпы есепте Қазақстан командасы бірінші орын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы