Аймағамбетов ерекше балаларға арналған ұйымдар жеткіліксіз өңірлерді атады

2 Ақпан 2021, 11:33
1969
Бөлісу:
Аймағамбетов ерекше балаларға арналған ұйымдар жеткіліксіз өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 46 ПМПК және 25 түзету кабинетін құру қажет екенін айтты.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.
Балабақшаларды дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Онда ваучерлік жүйені енгізу, балабақшалармен қамту, жаңа мемлекеттік стандарт қабылдау және балабақшаларда қолайлы жағдай жасау шаралары қарастырылады, - деді ол.
Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес сумен жабдықтау, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз мәселелері жағдайына да тоқталды.
Түркістан, Шығыс, Солтүстік, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұл проблема өзекті. Мәселе бекітілген мерзімде шешілуі керек, - дейді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр Үкімет отырысында инклюзивті білімді дамыту туралы да айтты.

Ерекше балаларға арналған ұйымдардың ашылу нормативі 50 мың балаға бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация есебінен өзгерту жоспарланады. Сондықтан қосымша 46 ПМПК және 25 түзету кабинетін құру қажет. Бұл ерекше балалар үшін ауадай қажет шара. Бүгінгі таңда ПМПК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында бар, - деді бас мұғалім.

Министрлік ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетігін де қолға алады.

Өзгелердің жаңалығы