Мамин қарамағындағыларға 15 ақпанға дейін уақыт берді

2 Ақпан 2021, 11:24
3034
Бөлісу:
Мамин қарамағындағыларға 15 ақпанға дейін уақыт берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Асқар Мамин қарамағындағыларға мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын дайындауды тапсырды.

Мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын сапалы іске асыру үшін Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, 15 ақпанға дейін нақты іс-қимылдар жоспарын әзірлесін және премьер-министрдің кеңсесіне енгізсін. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігіне аумақтық даму жоспарының жаңартылған жобасын биылғы 1 сәуірге дейін әзірлеуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин. 

Премьер-министр Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері мен Бәсекелестікті қорғау агенттігіне екі аптада Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру бойынша келісілген ұсыныстарды енгізуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар пакетін пысықтап, оны 8 ақпанға дейін премьер-министрдің кеңсесіне енгізіп, Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қарауға шығарсын. Сонымен қатар Қайрат Келімбетов биыл өткізілетін халық санағын сапалы жүргізу мақсатында бір күн мерзімде менің тиісті өкімімнің жобасын енгізуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, реформалардың жаңа пакеті – экономиканы қысқа мерзімді перспективада қалпына келтіруге және еліміздің орнықты әрі сапалы экономикалық өсу жолына шығуына жағдай жасайды. Осы бағытта жұмысты жалғастырмақ.

Өзгелердің жаңалығы