"Маған қауіп төніп тұр". Елшінің кеңесшісі әйелін соққыға жықты деп күдікке ілінді

6 Мамыр 2024, 17:35
4335
Бөлісу:
"Маған қауіп төніп тұр". Елшінің кеңесшісі әйелін соққыға жықты деп күдікке ілінді
VIDEO
Фото: t.me/nemolchikz

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелі Карина Мамашқа зорлық-зомбылық көрсетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш "НеМолчи kz" қоғамдық қорына хабарласып, видеоүндеу жолдаған. Ол 5 мамырда күйеуі соққыға жыққанын айтты. Онымен бірге БАӘ-ге қонаққа келген әпкесін де ұрып-соққанын айтып берді. Карина дәлел болатын суреттерді де жіберген.

Мен үндемей жүруден шаршадым, бәріне шыдаудан шаршадым. Мен мемлекеттен көмек сұраймын. 10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған қауіп төніп тұр. Оның қасындағы балаларыма да қауіп төнуде. Көмектесіңіздерші!, - деді ол.

Сондай-ақ зардап шеккен әйел күйеуін "дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге қамауды" сұрады.

 Informburo.kz мәліметінше, Сыртқы істер министрлігі зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдің үндеуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Біз аты аталған қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарамыз. Әрі қарай оның ісімен құқыққорғау органдары айналысады, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы