Бас жаңалықтар
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
22 Қаңтар 2019, 08:34 624

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 22 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында, сондай-ақ күндіз Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Загрузка...