Бас жаңалықтар
16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
16 Ақпан 2019, 09:24 567

16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынмен болатын тұрақсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерде бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, Атырау облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Сізден жаңалық