13 ақпанға арналған ауа райы болжамы

13 Ақпан 2019, 08:11
2050
Бөлісу:
13 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерінде қар жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с, күндіз кей жерде 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерде көктайғақ байқалады. 

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ байқалады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, кей жерде екпіні 30 м/с күшейеді.

Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман байқалады.

Өзгелердің жаңалығы