Атырауда халықаралық сапа күні аталып өтті

15 Қараша 2019, 18:40
2217
Бөлісу:
Атырауда халықаралық сапа күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Атырау филиалында  14 қараша – дүниежүзілік сапа күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жиынға техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық  департаменті мен "ҚазСтИн" РМК АФ басшылары, сондай-ақ, өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. 

WhatsApp Image 2019-11-15 at 13.42.53.jpeg

Шара барысында бірқатар кәсіпорындарға  өңірдегі сапа идеяларын дамытуға қосқан елеулі үлесетері үшін  алғыс хат табыс етілді. Ал, "Сапа көшбасшысы-2019" номинациясы бойынша  "Жемчужина "Профилакториясы" ЖШС, "TESLA-TAH" ЖШС, "Denge-Энергия" ЖШС  лайықты деп танылып, арнайы дипломдармен қатар, естелік мүсіншелермен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы