Астанада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

4 Ақпан 2019, 09:24
2461
Бөлісу:
Астанада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

Астана, BAQ.KZ. Астанада қала маңына қатынайтын жаңа № 320 бағдар іске қосылады. Бұл туралы Astana LRT баспасөз қызметі фейсбуктегі парақшасында жазды.

Astana LRT баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 ақпанынан бастап жаңа қала маңына қатынайтын № 320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады. 

«Жаңа № 320 автобустың бағдары «Назарбаев Университеті» аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен Лесная поляна тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика көшесімен Сүйінбай көшесіне дейін, сосын Қосшы ауылының сол жағымен «Муслим» дүкен-кафесіне дейін жүреді. Кері бағытта №320 бағдар жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды», - делінген фейсбуктегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы