Қытай экономикасына байланысты қауесеттер шындыққа жанаспайды – елші

4 Ақпан 2019, 09:15
7533
Бөлісу:
Қытай экономикасына байланысты қауесеттер шындыққа жанаспайды – елші
Фото: Asia Times

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жақында ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қытайдың ағымдағы экономикалық жағдайы туралы Қазақстанның ақпарат кұралдары өкілдеріне жазбаша сұқбат берді.

– Соңғы кездері, кейбір Бұқаралық ақпарат құралдары «Қытай экономикасы дамуын бәсеңдетуде». «Қытай экономикасы құлдырауға ұшырады» деп мәлімдеуде. Елші мырза, Қытай экономикасының жалпы жағдайын тоқтала кетсеңіз.

– Кейбір ақпарат құралдары өкілдерінің қытай экономикасы төңірегінде құлдырау байқалуда деп сөз қозғауы – ешбір сенімге келмейтін субъективті тірексіз пікір, бос сөз.

Келтірілген фактілер айтылған пікірлерден әлдеқайда күштірек. Енді негізгі деректемелерге көз жүгіртсек, 2018 жылы алғаш рет Қытайдың ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 90 триллион юаннан асты немесе шамамен 13,36 триллион АҚШ долларын құрады. Салыстырмалы бағамен есептегенде, бұл көрсеткіш 2017 жылы 6,6% -ға жоғарылап, экономикалық өсім бойынша әлемдегі ең ірі экономикалардың қатарына кіреді. Әлбетте, Қытай экономикасы кейбір адамдардың пікірінше, дағдарысқа ұшырап қана қоймай, сыртқы қысымға төтеп беріп, жалпы тұрақтылық пен жақсы серпін прогресін сақтап қалды. Бұл тенденция 2019 жылы жалғаса түспек. Қытайдың экономикалық даму болашағы жарқын.

Қытай экономикасына байланысты қауесеттер шындыққа жанаспайды – елші

Фото: Елшіліктің баспасөз қызметі

– Елші мырза, сіз атап айтқан «тұрақты прогресс» дамудың қандай түрлерін көрсетеді?

– Қытай экономикасының дамуы мен прогресі айқын. Негізінен келесі үш аспектіде көрініс табады. Ең алдымен, ұлттық экономикалық құрылым үнемі оңтайландырылуда. 2018 жылы үшінші индустриалды өнеркәсіптің қосылған құны ҚХР ЖІӨ-нің 52,2%-ын құрайды, бұл 2017 жылға қарағанда 0,3 пайыздық тармақтан жоғары және екінші индустриядан 11,5 пайыздық тармаққа басым. ЖІӨ-нің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, 59,7% -ды құрады. Экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші ретінде тұтыну одан әрі шоғырландырылып, ал түпкілікті тұтыну шығыстарының ІЖӨ-нің өсуіне үлес салмағы алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,6 пайыздық тармаққа өсіп, 76,2 пайызды құрады. Қытай әлемдегі ең үлкен тұтынушы нарық ретінде, экономикалық қуаты тоқтаусыз азат етілуде.

Екіншіден, экономикалық даму қысқа мерзімде жеделдетілуде. Қытай экономикасын ұзақ уақыт бойына мазалаған «өндірістік қуаттылықтың артылуы» мәселесі айтарлықтай реттелді. 2018 жылы Қытайдың өндірістік жабдықты пайдалану коэффициенті 76,5% құрады. «13-ші бесжылдық жоспарда болат пен көмірдің өндірістік қуаттылығын азайту негізінен аяқталды. Жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы салаларының инвестициялары 2017 жылмен салыстырғанда жылдық өсімі сәйкесінше 43,0% және 15,4% артты, алдыңғы жылға қарағанда инвестициялардың жалпы көлемі тиісінше 37,1 және 9,5 пайыздық тармаққа жылдам болды. Ауылдық жерлерді қоса алғанда, елдің инфрақұрылымдық құрылысы күшейе түсуде. Корпоративтік салықтар мен алымдардың жүктемесі 1,3 триллион юанға қысқартылды. Қытайдың экономикалық дамуының тұрақтылығы айтарлықтай өсті.

Үшіншіден, жаңа экономикалық серпін тез өсіп келеді. Қытай үкіметі «жаппай кəсіпкерлік пен инновация» саясатын тереңдете отыру арқылы, дамып келе жатқан салалар салыстырмалы түрде жылдам өсу қарқынына ие болды. 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында күн сайын 18 мыңнан астам жаңа мекеме ашылды, бұл рекордтық көрсеткіш. Жоғары технологиялық өндірістің, стратегиялық жаңа өнеркәсіп салалардың және жабдықтарды өңдеу өнеркәсібінің қосымша құны алдыңғы жылмен салыстырғанда тиісінше 11,7%, 8,9% және 8,1% артты. Олардың ішінде жоғары технологиялық өндіріс пен жабдықтарды өңдеу өнеркәсібінің инвестициялары 2017 жылмен салыстырғанда тиісінше 16,1% және 11,1% артты, бұл тиісінше өндірісті дамытуға қарағанда 6,6 және 1,6 пайыздық тармаққа жылдам. Қытайдың экономикалық дамуына ықпал ететін жаңа өсу факторы шексіз.

– Сіз Қытай экономикасындағы прогресті егжей-тегжейлі атап өттіңіз. Ал, Қытай халқының өміріне бұл өзгерістер қалай әсер етті?

– Қытай үкіметі экономиканы қарқынды дамытуда, оның бәрі халықтың өмірін жақсартуға бағытталған. Бұл жағдайды көрнекті сипаттау үшін екі деректер жиынтығы бар.

Біріншіден, қытайлықтардың әмияндары толып келеді. 2018 жылы халықтың жан басына шаққандағы иемденетін табыс 28228 юаньды құрады, бұл 2017 жылдан бастап 6,5% -ға артты, негізінен экономикалық өсуге байланысты болды. 2018 жылы халықтың жан басына шаққандағы тұтынушылар шығыны 2017 жылы нақты өсіммен салыстырғанда 6,2% -ға өсіп, 19 853 юаньды құрады, өсім қарқыны 0,8 пайыздық тармаққа өсті. Халықтың Энгель коэффициенті 2017 жылдан бастап 0,9 пайыздық тармаққа төмендеп, 28,4 пайызды құрады. Тауар бағалары мен тұрғындар үшін тұтынушылық баға тұрақталып, жылдық өсімі 2,1% құрады. Қытай халқы ақшаны батылдырақ жаратып бастады.

Екіншіден, қытайлықтардың жұмысқа орналасу кепілдігі өсуде. 2018 жылы Қытайдың қала-аймақтарында жаңа жұмыс орындар саны 13,61 млн. құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 100 мың жұмыс орнына артты, жылдық көрсеткіштен 123,7% -дан асып, алты жыл қатарынан 13 млн. астам жұмыс орынын құрады. Ақпан айында қала-аймақтың жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,1 пайызға төмен.

2018 жылы қала-аймақтардағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% -дан 5,1% -ға дейін деңгейді құрап, күтілетін мақсатты 5,5% -дан төмен деңгейде сақтауда. Бұл 1,4 миллиардқа жуық халқы бар ел үшін оңай емес, ол Қытай Коммунистік Партиясының бүкіл халықты басқара, қиындықтарға төзе отырып жеткен жетістіктері.

Қытай экономикасына байланысты қауесеттер шындыққа жанаспайды – елші

Фото: Елшіліктің баспасөз қызметі

– Елші мырза, «Қытай-Америка сауда соғысы» қарқынды дамып, Қытай экономикасына әсер етті ме?
–Кез-келген «сауда соғысы» немесе «санкция соғысы», барлығы «қырғи-қабақ соғыс» менталитеті мен «нөлдік сумма ойынның» айқын көрінісі, бұл сенімді жоғалту болып табылады. Сонымен қатар, «сауда соғысы» - бұл "екі жақты таяқ", ол өзінеде, өзгегеде зиянын келтіреді. Біз "сауда соғысына" қарсымыз, бірақ бұл "соғыстан" қорықпаймыз. Барлық сауда-саттық іс-шаралары жеке қажеттіліктер мен еріктілік қағидасы арқылы жүргізіледі, мәжбүрлеп жүргізілген сауда-саттық сәтсіздікке ұшырайды.   

«Қытай-Америка сауда соғысы» америкалықтардың жеке пайдасы үшін жасалған әрекет. Америка Құрама Штаттарының кейбір мүдделі топтары әлемнің көптеген бөліктерінде «АҚШ басымдық» туы астында әділетсіз «сауда соғысын» туғызуда. Қытайға ғана емес, сонымен бірге АҚШ тарихындағы «одақтастарына» да қатысты. Американдықтардың логикасы өте қарапайым, яғни: «Мен сізбен сауда жасаймын, ақша жасауға мүмкіндік беремін, ал пайдалануға жол бермеймін». Бұл ақылға қонымсыз, әділдіктің жоқтығы, істі сәтсіздікке ұшыратады.

Қытай реформалар мен ашықтық саясатының 40 жылдығының ашылуын өткен жылы атап өтті. Соңғы 40 жылда қытай халқы ұлттық жағдайына сәйкес келетін даму жолын іздестіріп, табысқа жету үшін өз күштеріне сүйене, янбай еңбек етіп, жан басына шаққандағы ЖӨІ көрсеткішін 300 АҚШ долларынан, 8 600 АҚШ доллар деңгейіне көтерді.

Huawei ұсынған көптеген қытайлық компаниялар өз жұмыстарын нөлден бастап, әлемдегі технологиялық индустрияның шыңына көтеріліп, 5G және AI салаларында әлемдік көшбасшылық ұстанымға жетті. Қытай экономикалық потенциалы күшті, тұрақты, маневр жасауға мүмкіндігі бар мемлекет. Қазірдің өзінде әлемдегі ғылыми-технологиялық революцияның және өнеркәсіптік трансформацияның жаңа раундында өзіндік ерекше орын алуда.

Бұл бәріне де мәлім айғақ. Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму бүгінгі күні әлемдегі көптеген елдердің ортақ ұмтылысы болып табылады. Кейбір мемлекеттердің сауда біржақтылығы, протекционизм және гегемондық саясаты, бізді алаңдатуда, бірақ бұл әрекеттер Қытайдың экономикалық дамуына және әлемдік ынтымақтастық пен жеңіске жету жағдайына түбегейлі әсер етпейді.

Әлемдік экономиканың жаһандануының жалпы бағытын түсініп, уақыттың үрдісін сақтай отырып, біз Қытай экономикасының алдағы 40 жылдық даму жолын алға мақсат етудеміз. ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің айтуынша, болашақта Қытайдың ашық есігі еш жабылмайды, керсінше тек айқара ашыла түседі. Қытай жүргізіп отырған ашық есік саясатының арқасында реформаларды алға жылжытып, ашықтықпен даму жолын ұстанады.

Қытай әлемдегі барлық елмен, соның ішінде Қазақстанмен бірге «Бір белдеу, бір жол» құру, көпжақты сауда тәртібін қолдау, жаһандану үдерісін қолдау, жаңа дәуірдегі даму мүмкіндіктерін бөлісу және ортақ дамуды қамтамасыз ету үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын!

Сұқбатыңызға рақмет!

Айта кетсек, бұған дейін Чжан Сяо Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкінекенін және Қытайдың Қазақстанды жаулайтын геосаяси жоспары жоқ дегенді айтқан болатын.

Қытай Халық Республикасының 1,5 миллиардқа жуық халқы бар. Сountrymeters.info сервисінде тұрғын санағы секунд сайын жаңарып отырады. Ал енді осы миллиардтан шығып, қалай елші болғаны туралы ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяодан сұрап көрдік.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы