"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады

26 Сәуір 2024, 21:22
334
Бөлісу:
"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады
PHOTO
Фото: Валерий Бугаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов Достық шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық 3 қабатты «жайлы» мектептің құрылыс алаңына барып қайтты. Білім ордасын салуда барлық заманауи технологиялар мен ең жоғары стандарттар қолданылатын болады. Оқу кабинеттерінен басқа үлкен мәжіліс залы және үш спорт залдары көзделген. Мектеп аумағында футбол, баскетбол және хоккей алаңдары, тренажерлар, воркаут, әр түрлі жастағы ойындарға арналған алаңдар, жүгіру жолдары және т.б. орналасады.

"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады

Қазір құрылыс орнында жертөленің еден плиталарын орнату және 1 қабаттың қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектептің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін толғымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңа шағын ауданда мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 80 орындық шағын орталықтың құрылысы аяқталуда. Оны ағымдағы жылдың шілде айында ашу жоспарлануда.

"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады

Тағы бір жаңа заманауи мектеп Гагарин көшесі, 47 мекен жайы бойынша орналасқан Қ. Мақпалеев атындағы №4 мектептің жанында бой көтереді. Оқу орны 600 орынға есептелген. Мамандар болашақ оқу орнының іргетасын қалау және инженерлік желілерді салу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.

"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығында тағы 3 мектеп салынады. Жобаны іске асырудың екінші кезеңінде мектептер Жастар, Усолка және Шығыс шағын аудандарында ашылады. Өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдарға жобаны іске асыруға қатысты барлық мәселелерді жедел түрде шешуді тапсырды.

"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады

Сондай-ақ, № 26 мектепте облыс әкіміне білім беру нысандарын абаттандыру жоспарларын таныстырды. 2023 жылы Павлодардың 40 балабақшасының аумағындағы 80 мың м2 асфальт жабыны толығымен жаңартылған болатын. Дәл осылай ондаған жылдар бойы жаңартылмаған және әбден тозығы жеткен облыс орталығындағы 20 мектептің аумағын абаттандыру жоспарлануда. Жалпы 92,4 мың м2 аумаққа асфальт жабыны төселетін болады.

"Жайлы мектеп". Павлодарда жыл соңына дейін екі жаңа мектеп салынады
Өзгелердің жаңалығы