Ертең Астанада бірінші ауысымдағы сыныптарға сабақ болмайды

6 Ақпан 2019, 20:05
2494
Бөлісу:
Ертең Астанада бірінші ауысымдағы сыныптарға сабақ болмайды

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 7 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады. 

«07.02.2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды» - делінген басқарма хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде алдағы екі күнде аяз сақталатыны жайлы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы